Шымкентте бір жылда 2 мыңға жуық адам АИТВ инфекциясын жұқтырған

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Ең жоғары көрсеткіш 30-39 жас аралығындағы азаматтарда тіркелген.

ЖИТС
Фото: Kazinform/ DALL-E

Шымкентте 2025 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған 1989 науқас диспансерлік бақылауда тұр. Олардың 1085-і – ер адам, 904-і – әйел, ал кәмелет жасына толмаған балалар саны – 52.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, былтыр тіркелген АИТВ жағдайларының ең жоғары үлесі 30-39 жас аралығындағы азаматтарға (31,6%) тиесілі. Одан кейінгі жас топтары бойынша көрсеткіштер: 20-29 жас тобы – 22,4%, 40-49 жас – 18,4%, 50-59 жас – 15,8%, 60 жастан асқандар – 8,6%, ал 15-19 жас аралығындағы жастар – 2%.

– Өңірлердегі АИТВ инфекциясының таралу деңгейі бойынша Шымкент қаласы орта деңгейлі аймақтар санатына жатады. Жалпы көрсеткіште қала 20 өңірдің ішінде 10-орында тұр. Өткен жылы АИТВ инфекциясына 375 207 зертханалық тексеру жүргізілді. Қайта тексерулерді есепке алғанда, нақты қамтылған адамдар саны шамамен 200 мың адамға жетті, – делінген денсаулық сақтау басқармасының ұсынған ақпаратында.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, өткен жылы Шымкентте жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) салдарынан 3 ересек адам қайтыс болған, ал соңғы 5 жыл ішінде осы дерттен 33 адам көз жұмған.

Бұдан бұрын АИТВ диагнозын түсіну және қабылдау процесі әдетте бірнеше кезеңнен тұратынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар