Шымкентте бірнеше шағынауданда газ уақытша өшіріледі

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — 24 қыркүйекте Шымкенттегі бірқатар шағынауданда газ беру уақытша тоқтатылады. 

Шымкентте бірнеше шағынауданда газ уақытша өшіріледі
Фото: EnergyProm

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалының мәліметінше, газбен жабдықтау сағат 06:00–ден 23:00–ге дейін Бәйдібек би және Төлеметов көшелерінің қиылысында, хайуанаттар бағы аумағында автомобиль жолын кеңейту және жолайрық салу жұмыстарына байланысты уақытша шектеледі.

Газ беру төмендегі мекенжайларда уақытша тоқтатылады:

Тараз шағынауданы: Парасат, Таңшолпан, Өркениет, Жетісу, Шаңырақ, Айшабибі, Мырзаходжаева, Бәйтереков көшелері.

Солтүстік-Батыс және Шапағат-2 шағынаудандары: Кербұлақ, Үшөзен, Ақшатау, Ақшоқы, Аманқарағай, Ақсай, Шоқтал, Гүлстан, Мәртөбе, Алтынайдар, Барсығанкөл, Өтегенбұлақ, Арғынбеков, Дербес, Төлеметов, Бәйдібек би көшелері.

БАМ және Түркістан шағынаудандары: Жаңа ғасыр, Айқап, Жаңалық, Жұлдыз, Ақсүйек, Тракторшілер, Береке, Беткей, Жаңақала, Ынталы, Көктас, Іргелес көшелері.

Тұран шағынауданы: Үкілі Ыбырай, Шырайлы, Нарсай, Найзакескен, Омбы, Өгем, Байғұлы, Ойқараған, Досжан, Алатау батыр, Талдыарық, Әшірбек Сығай, Әміре Қашаубаев көшелері және Алматы тасжолы.

Наурыз шағынауданы: Байтұрсынов, Марғұлан, Қарабұлақ, Сауран, Рысқұлов, Қобда, Жалын, Қордай, Жанкент, Дәулетұлы, Тұяқбаев, Жаңарқа, Тосқанбаев, Байырқұм, Мыңжылқы көшелері, Байдібек би даңғылы және Төлеметов көшесі.

Сонымен қатар газбен жабдықтау 179 ірі панельді тұрғын үйдегі 10 670 пәтерге, 600 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорынға, 12 822 жеке үйге және 34 өнеркәсіптік кәсіпорынға уақытша тоқтатылады. Бұдан бөлек, «Smart», «Prime Park», «High Park», «Атамұра», «Тұмар», «Grand Park», «Prank Aura», «Бәйдібек», «Саялы», «Биік», «Изумруд», «Наурыз парк», «Жас-Отау» тұрғын үй кешендерінде де газ беру уақытша шектеледі.

— Тұрғындардан газбен жабдықтау тоқтатылған кезеңде газ құралдарының крандарын жабуды және жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ, газбен жабдықтауды қайта іске қосу кезінде филиал қызметкерлерінің нысандарға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуді сұраймыз. Газдың иісі сезілген жағдайда 104 нөміріне хабарласу қажет, — делінген хабарламада.

Компания уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрап, түсіністік танытуды өтінді.

Бұған дейін Шымкентте газ құбырының зақымдануына байланысты 1500-ден астам үй мен бірқатар нысанға газ беру уақытша тоқтатылғанын хабарлаған едік