Шымкентте бухгалтер мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін 3 жылға сотталды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен №96 М.Әуезов атындағы орта мектептің бас бухгалтері сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы мәлімдеді.

Алматыда мектеп бухгалтері 330 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Мекеменің бухгалтері қызметтік жағдайын пайдаланып, ай сайын өзінің есеп шотына белгіленген мөлшерден артық ақша аударып отырған», — деп хабарлады прокуратурадан.

Барлығы 5 164 921 теңге сомасында аударым жүргізілген.

Аталған факті бойынша тұлға өз кінәсін толық мойындауына байланысты сотпен белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындалды.

Келтірілген шығын мемлекет бюджетіне толық көлемде қайтарылды.

 

Соңғы жаңалықтар