Шымкентте бұрынғы әйелінің тамағын пышақпен кескен күдікті ұсталды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Әйел адам ауыр жарақат алған. 

Шымкентте бұрынғы әйелінің тамағын пышақпен кескен күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдайға байланысты «Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша» қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

– Күдікті ұсталып, полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс департамент басшылығының бақылауына алынды, - делінген ведомства ақпаратында.

Айта кетейік, бұдан бұрын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шымкентте бұрынғы әйеліне пышақ алып жүгірген күдіктіге қатысты іс бойынша пікір білдірген болатын. 

Соңғы жаңалықтар