Шымкентте Дендросаябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Бүгін таңғы уақытта Шымкент қаласындағы Дендросаябақ аумағында адам өлімі тіркелді.

дендропарк Шымкента
Фото: AMANAT партиясы

Осы жайтқа қатысты Шымкент қаласы Полиция департаменті ресми түсінік берді.

Ведомствоның мәліметінше, полицияға суицид белгілері бар мәйіттің табылғаны туралы хабарлама түскен.

– Аталған дерек бойынша өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Шымкентте кәмелетке толмаған қызға шабуыл жасамақ болған жасөспірім ұсталғанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар
Референдум