Шымкентте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Денсаулық сақтау министрлігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Қайрат Қалыбеков тағайындалды.

Қайрат Жақыпұлы 1973 жылы 7 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында туған, қазақ, білімі жоғары.
С.Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтын және Қазақстан халықтар Достығы университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі - емдеу ісі, экономика.
Еңбек жолын 1997 жылы Шымкент қаласындағы амбулаторлы хирургия, травматология және гинекология орталығының хирургы болып бастаған.
1999-2014 жылдары түрлі медициналық мекемелерде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2014-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
2016-2023 жылдары Шымкент қаласының денсаулық сақтау мекемелерінде жауапты басшылық қызметтер атқарды.
2023 жылғы 2 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері лауазымында қызмет атқарып келді.
Бұған дейін СҚО Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын жазған едік.