Шымкентте екі көшенің қиылысы жартылай жабылады

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Бәйдібек би даңғылындағы жолайрық құрылысына байланысты осы учаскенің қозғалыс бөлігі жартылай жабылады.

Шымкентте Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысы жартылай жабылады
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Құрылыстың қауіпсіз және сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында көлік қозғалысы Төлеметов көшесінің қиылысынан Ақберен көшесіне дейінгі аралықта уақытша шектеледі. Жабылу мерзімі — 2025 жылғы 12-25 желтоқсан аралығы.

Шымкентте Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысы жартылай жабылады
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

— Осыған орай, Бәйдібек би даңғылына балама жолдарды пайдалануды сұраймыз. Атап айтқанда, Таңбалы тас, Шұбаркөл, Қазиев, Өтегенов, Сырым батыр көшелері арқылы жүруді ұсынамыз. Қолайсыздықтарға түсіністік танытып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген қала әкімдігінің ресми хабарламасында.

Бұдан бұрын Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысы және кіші айналма жолға жолайрық салуға бюджеттен қанша қаржы бөлінгені туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар