Шымкентте ең төменгі және орташа жалақы қанша
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековке тұрғындардың табысы туралы сұрақ қойылды, деп хабарлайды Kazinform.
«Шымкент әкімінің айлығы қаладағы ең төменгі жалақы алатындардан қаншалықты көп?» деп сұрады БАҚ өкілі.
Ғабит Сыздықбеков шымкенттіктердің арасындағы ең төменгі айлық қанша екенін айтқанымен өз еңбекақысының көлемі туралы жақ ашпады.
«Айлығымның қанша есе көп екенін бірден айта алмаймын. Шатаспау үшін санап айту керек шығар. Бірақ мен де қызметімді ең төменгі жалақыдан бастағам. Ол кездесе, шатаспасам, 18 мың теңге айлық алатынмын. Қаладағы орташа жалақы 270 355 теңге болып отыр. Менің айлығым қанша есе жоғары екенін қосымша сізге берейік. Бірақ қазір ең төменгі жалақы — 70 мың теңге. Біз бюджет есебінен қаржыландырылатын мекеме жұмысшыларының айлығын кезең-кезеңімен көтеріп жатырмыз. Қазір оның ішінде төменгі жалақы 100 мың теңгеден басталады», — деді Шымкент әкімі.