Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шымкентте еңбек заңнамасын бұзудың 226 фактісі анықталды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкентте еңбек заңнамасының сақталуын тексеру барысында жұмысшыларға 750 млн теңгеден астам жалақы берешегі өтелді.

ы
Коллаж: Kazinform

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Шымкент қалалық департаментінің басшысы Жеңіс Мақұлбаевтың айтуынша, биылғы бірінші жартыжылдықта департаментке еңбек құқықтарының сақталуына қатысты 1829 өтініш түскен. Қабылданған шаралар нәтижесінде 665 жұмысшының құқығы қалпына келтірілді.

— Алты айда еңбек заңнамасының сақталуына қатысты 238 тексеру жүргізіліп, 226 заң бұзушылық фактісі анықталды. Нәтижесінде жұмысшыларға 754,3 млн теңге көлемінде жалақы берешегі өтеліп, 2824 адамның құқығы қалпына келтірілді, — делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған профилактикалық рейдтер жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлерінің қатысуымен өткен іс-шаралар барысында 72 кәсіпкерлік субъектісі қамтылып, жасөспірімдердің еңбек құқықтарын бұзудың 8 фактісі анықталды.

Бұған дейін Шымкентте жолайрық құрылысында 54 жастағы жұмысшы қаза тапқанын хабарлаған едік.