Шымкентте есірткі қоюшыдан аса ірі мөлшерде синтетика тәркіленді

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Полиция қызметкерлері 200-ден астам дозасы бар психотроптық заттың таралуына жол бермеді.

наркотики
Фото: Polisia.kz

Жедел іс-шараларды жүргізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Әл-Фараби ауданының аумағында есірткі қоюшыны қолға түсірді. Тексеру кезінде күдіктіден мефедрон салынған пакет табылып, тәркіленді. 

- Полиция қызметкерлері психотроптық заттың 200-ден астам дозасының таралуына жол бермеді. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұсталған азаматқа қатысты тергеу жүргізілуде. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Құқық қорғаушылар есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс үшін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады, - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ете алмаған шенеуніктер жазаланғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар