Шымкентте есірткі жарнамалайтын 18 телеграм канал бұғатталды

АСТАНА. KAZINFORM – Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау деректерін анықтады. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы мәлім етті.

әлеуметтік желі
Фото: Pexels

Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында қала прокуратурасымен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалармен есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын телеграм каналдары анықталды.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде «Кибернадзор» жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм каналдары бұғатталды.

Айта кетейік, қала прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын хабарлады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 16 жастағы шымкенттік есірткі жарнамалағаны үшін алты жылға сотталуы мүмкін.

Сонымен қатар, биыл заңсыз айналымнан 19 тоннадан астам әртүрлі есірткі заттары алынғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар