03:05, 22 Наурыз 2025 | GMT +5
Шымкентте итті көлікпен сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкент тұрғыны итін көлігіне шынжырмен байлап алып, көше аралаған.

Үй жануарына аса қатыгездік танытқан жүргізушінің әрекеті әлеуметтік желіде тарап кетті. Оны жолда өзге тұрғындар тоқтатып, итті азаптауға болмайтындығын түсіндіреді. Тіпті, полицияға хабар беріп, шағымданатындығын жеткізгенін көруге болады. Ал, жүргізуші адамдардың қысымынан соң, итті жүк салғышқа салып алған.
Аталған жағдай бойынша Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі құқық бұзушының анықталып, полицияға жеткізілгендігін мәлімдеді.
- Жүргізуші жануарға қатыгездікпен қарағаны үшін жауапқа тартылды, делінген ведомства апаратында.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте кортеж жасаған мопедшілер жауапқа тартылған болатын.