Шымкентте қарызын қайтара алмаған тұрғынды бір топ жігіт сабап тастады

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Қазір оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Шымкенттегі төбелес
Фото: Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, бір топ жігіт қарызын уақытылы төлей алмаған тұрғынды қан жоса етіп ұрып-соғып, пышақтап тастаған. Оқиға лифт ішіндегі видео камераға түсіп қалған. Онда 4-5 жігіттің жәбірленушіні оңдырмай тепкілеп жатқанын көруге болады. Он күн бойы ауруханада жатып, ем қабылдаған жәбірленуші үйіне енді ғана шықты.

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалғандығын жеткізді.

— Оқиғаға қатысы бар тұлғалар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу шаралары жүргізілуде, — делінген ведомство ақпаратында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте жоғалған үш адамның бірінің денесі табылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар