Шымкентте қауіпті дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
АСТАНА. KAZINFORM - Анықталғандай, Mercedes-Benz жүргізушісі көлігін әдейі тайғанатып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері жүргізушінің кім екенін анықтады. Ол 26 жастағы Асадбек Умаркулов болып шықты. Оған қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік материалдар жинақталып, сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Полиция жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік әрбір жүргізушінің жауапкершілігіне байланысты екенін ескертеді. Қауіпті маневрлер мен жол қозғалысы ережелерін елемеу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Осыған дейін Қызылордада дрифт жасап, жол ережесін бұзған екі жүргізуші жазаланған болатын.