Шымкентте кортеж жасаған мопедшілер жауапқа тартылды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Мопедшілер көлік қозғалысына кедергі жасаған.

мопедшілер кортеж жасамақ болды
Фото: Видеодан скриншот

Жиырмаға жуық мопед тізгіндеген жас жігіт түнгі уақытта қала көшелерінде заң бұзушылықтарға жол берген.

Бейнебақылау камералары арқылы байқаған жедел басқару орталығының инспекторлары оларды ұстауға патрульдік полицейлерді бағыттады.

Жол қозғалысы қағидаларын бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал пайдалану талаптарына сай келмейтін көлік құралдары айыптұраққа қойылды.

— Полиция жол жүру ережелерін қатаң сақтау жол-көлік оқиғаларының алдын алатынын еске салады, — делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Айта кетейік, бұдан бұрын әлеуметтік желіде тікелей эфирге шыққан шымкенттік көлік жүрізушісі жауапқа тартылған болатын.

Соңғы жаңалықтар