Шымкентте марихуана өсірумен айналысқан тұрғын ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM - Қала прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментімен жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде марихуана түріндегі есірткі заттарын шығаратын фитозертхананың қызметі тоқтатылды.

Шымкент марихуана өсірумен айналысқан тұрғын ұсталды
Фото: Canva

Арнайы жабдықталған, жасанды жарықтандырумен қамтылған құрылғыдан 83 көк пластикалық шелекте өсірілген марихуана, пластикалық пакеттерден қаптамадан шығарылған есірткі заттары мен электронды таразылар табылды.

Қазіргі уақытта ұйымдастырушы ұсталып, қамауға алынды.

Қалалық прокуратура қылмыстық кодекстің 297, 300-баптарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Аталған баптар бойынша жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы қарастырылған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялануға жатпайды.

Елордалық жасөспірім халықаралық пошта арқылы марихуана алдырғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар