Шымкентте мессенджер арқылы вейп сатқан тұрғын ұсталды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкентте полиция қызметкерлері вейптерді заңсыз сатумен айналысқан ер адамның заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Шымкентте мессенджер арқылы вейп сатқан тұрғын ұсталды
Фото: ІІМ

— Профилактикалық іс-шаралар барысында күдіктінің вейп өнімдерін мессенджерлер арқылы жарнамалап, сатқаны белгілі болды. Онлайн жарнама оған тұтынушыларды тартуға және тауарды кеңінен таратуға мүмкіндік берген, — делінген хабарламада.

Тексеру барысында ер адамнан жалпы құны 3 миллион теңгеден асатын 332 электрондық тұтыну жүйесі анықталып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз айналымы мен сатылуы құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтардың жолы заңнамаға сәйкес қатаң түрде кесіледі.

Бұған дейін Алматыда құны 1 млрд теңгеден асатын 180 мың вейп тәркіленгенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар