Шымкентте Наурыз қалай тойланды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Бүгін Наурыз мейрамы Астана алаңында «Наурызнама» атты музыкалық-театрландырылған мерекелік қойылымымен басталып, көптеген іс-шара өтті.

Шымкентте Наурыз қалай тойланды
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Қала тұрғындары мен қонақтары қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертті тамашалады.

Шымкентте Наурыз қалай тойланды
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мерекелік іс-шарада бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, сәбилерге ақ жол тіледі.

Шымкентте Наурыз қалай тойланды
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Астана алаңында мереке аясында мәдениетіміздің асыл қазынасына айналған киіз үйлер тігіліп, этноауыл жасақталды. Мәдениетіміздің асыл қазынасы саналатын ұлттық салт-дәстүрлер мен тарихымызды дәріптейтін көрмелер қойылды.

Шымкентте Наурыз қалай тойланды
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Мерекелік думан барысында ертегі әлемінің кейіпкерлері мен Шымкент цирк әртістері таңғажайып қойылымдар көрсетіп, ұлттық спорт ойындарының сайыстары өтті.

Шымкентте Наурыз қалай тойланды
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы
Шымкентте Наурыз қалай тойланды
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы
Шымкентте Наурыз қалай тойланды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Айта кетсек, кешкі сағат 20.00-де отандық және әлемдік танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт көпшілік назарына ұсынылады.

Айта кетелік Шымкентте сакура гүлдеген еді.

Соңғы жаңалықтар