Шымкентте оқушыны ұрған мұғалім қамауға алынды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкентте мектеп-лицейдің мұғалімі оқушыны ұрғаны үшін 25 тәулікке қамауға алынды.

п
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Сот істі ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 2-бөлімі, 8-тармағы бойынша қарады.

Оқиға биыл наурыз айында болған. Сабақ кезінде оқушы кабинет есігін үздіксіз қатты қаққан. Жасөспірімнің мінез-құлқына ашуланған мұғалім оны ұрған.

Айыпталушының кінәсі оның өз мойындауындағы көрсеткіштерімен, куәгерлердің айтуымен және видеожазбамен расталды. 

Мемлекеттік айыптаушы қамау түріндегі жаза тағайындауды талап етсе, зардап шегушінің өкілі де қатаң жаза қолдануды сұрады.

Ал айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жеңіл жаза тағайындауды өтінді.

Сот айыпталушының кінәсін мойындағанын жеңілдетуші жайт ретінде қабылдады, ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.

Нәтижесінде мұғалім кінәлі деп танылып, оған 25 тәулікке қамау түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкент әкімдігі сәулет басқармасының басшысы ұсталғанын растағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар