Шымкентте прокурорлар инвестордың полицияға қатысты шағымын тексеріп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Бас прокуратура «Sin Yuan Steel» ЖШС-ның мәлімдемесіне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.
ҚР Бас прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті баспасөз қызметінің ресми хабарламасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында «Sin Yuan Steel» ЖШС-ның Шымкент полициясының заңсыз әрекеттері туралы хабарламасы жарияланды.
— Инвестордың уәждерін тексеру мақсатында Шымкент қаласының инвестициялық прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, — делінген хабарламада.
Кәсіпорынның ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес Sin Yuan Steel — Шымкент қаласында орналасқан қытай-қазақстандық металлургиялық компания. Кәсіпорын болат қорыту және сұрыпты прокат өнімдерін өндіруге маманданған.
Осыдан бұрын Астана прокуратурасы инвестордың құқығын қорғап, 20 млн долларлық жобаны іске қосқанын жазғанбыз.