13:24, 26 Мамыр 2025 | GMT +5
Шымкентте садақтың жебесінен жарақат алған жасөспірімнің жағдайы орташа ауыр
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Қазір кәмелетке толмаған бала хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Ата-анасының айтуынша, сағат 11:30 шамасында Қажымұқан стадионы маңайында ойнап жүрген баланың арқасына садақтың жебесі тиген. Содан бірден ауруханаға жеткізілген. Қазір жасөспірім хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр.
— 11 жастағы жасөсірім жедел-жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді. Клиникалық хаттама бойынша толық инструментальді лабораторлы зерттеулер жасалынды. Қазіргі таңда баланың жағдай орташа ауыр, тұрақты, — делінген Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте стадион маңынан өтіп бара жатқан жасөспірімге садақ жебесі тигенін жазған болатынбыз.