15:06, 04 Маусым 2025 | GMT +5
Шымкентте таксиді таспен ұрған бойжеткен қамауға алынды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада бойжеткеннің такси көлігінің әйнегін таспен ұрып, сындырған сәтін көруге болады.

Оқиға көпшіліктің қызу талқысына түсті.
Аталған жағдайға қатысты Шымкент полициясы бөтен мүлікті қасақана бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Ал, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
— Тергеу мен сараптама нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жариялауға жатпайды, — делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің ақпаратында.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкент көшелеріндегі жарнама экранында әдепсіз жазба пайда болғанын жазған болатынбыз.