Шымкентте тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер қамауға алынады
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Рұқсат етілмеген акция үшін ол бес тәулікке қамауға алынып, айыппұл төлейтін болды.

Оқиға 1 маусым күні Тұран-2 шағынауданындағы «Жаңалық» супермаркетінің жанында болды. Ұйымдастырушы балаларға тегін балмұздақ таратуға уәде еткен.
Келушілердің, негізінен балалардың көптеп жиналуы салдарынан кезек соңында кептеліс басталған. Таратуды жеделдету мақсатында ұйымдастырушылар балмұздақты тікелей топтың арасына лақтыра бастаған. Кейбір балмұздақ адамдардың басына түскен. Куәгерлер оқиғаның ретсіз өткені мен бақылаудың болмағанын жеткізді.
Кәсіпкерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің екі бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
Атап айтар болсақ, 488-1-бап «Уәкілетті органды ескертпей қоғамдық іс-шара өткізу» бойынша оған 50 АЕК — 196 600 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, сот 434-бап «Ұсақ бұзақылық» бойынша кәсіпкерді бес тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте полиция қызметкері мопед жүргізушісіне тас лақтырғанын жазған болатынбыз.