Шымкентте тойдан шығып, аспанға оқ атқан ер адам қамауға алынды
АСТАНА. KAZINFORM — Шымкентте тойдан шыққан ер адам сигналды тапаншамен аспанға оқ атып, айналасындағыларға қауіп төндірді. Оқиға қала аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында полиция назарын аударған.
Полицияның мәліметінше, 34 жастағы қала тұрғыны Бунедбек Юлдашев мейрамханалардың бірінің маңында аспанға оқ атқан.
Сот шешімімен ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар оған түнгі тыныштықты бұзғаны және қаруды құқыққа сыйымсыз қолданғаны үшін айыппұл салынды.
Полиция қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын кез келген әрекет заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті.
Еске салайық, мұның алдында Семейде мейрамхана маңында оқ атқан ер адам бес тәулікке қамалғанын жазғанбыз.