Шымкентте үшінші жүрек трансплантациясы сәтті жасалды

АСТАНА. KAZINFORM - Донорлық жүрек Тараз қаласынан жедел түрде, 1,5 сағаттан аспайтын уақытта жеткізілді. Реципиент – 41 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны, педагог мамандығы бойынша еңбек етеді. Ол 2012 жылдан бері жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түрімен ауырып келген.

жүрек операция
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Донорлық органды алу, оны тасымалдау және жүректі ауыстыру операциясы барлық медициналық әрі этикалық талаптарға толықтай сай жүргізілді. 

Күрделі ота Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен, жоғары санатты дәрігер-кардиохирург Дархан Сүйгенбаевтың жетекшілігімен және Тараз қаласындағы әріптестердің, UMC командасының, сондай-ақ тартылған барлық қызметтердің кәсіби әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде сәтті аяқталды

Бұл оқиға — Қазақстандағы трансплантология саласының дамуы жолындағы маңызды кезең болып табылады. Сонымен қатар, өңірлер арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі ретінде бағаланды.

Айта кетейік, мәйіттен алынған жүрек трансплантациясы Шымкентте үшінші рет жасалып отыр. Бұған дейін Жүрек орталығының білікті дәрігерлер командасы екі рет ағза алмастыру отасын сәтті өткізіп, қос науқасқа жаңа өмір сыйлаған болатын.

Павлодарда 11 мыңға жуық адам жүрек жеткіліксіздігімен есепте тұр.

Соңғы жаңалықтар