15:54, 06 Қаңтар 2025 | GMT +5
Шымкентте жалған құжат жасап, алаяқтықпен айналысқан күдікті іздестіріліп жатыр
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдіктінің суретін жариялады.

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері ер адамның жеке басы мен жүрген жерін анықтауға көмектесуді сұрайды. Күдікті жалған құжат жасап, ірі мөлшерде алаяқтықпен айналысқан.
«Ер адамның жеке басы мен жүрген жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, 102, 8701-216-46-46 телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз»-делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Ата кетейік, бұдан бұрын мемлекеттік мүлікті талан-таражға салған шымкенттік шенеунік 8 жылға сотталғанын жазған болатынбыз.