Шымкентте жаппай төбелес болып, қылмыстық іс қозғалды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Әлеуметтік желілерде бірнеше жас қатысқан жаппай төбелестің бейнежазбасы тарады.

Оқиға Жангелдин көшесіндегі кафенің жанында болған.
— Шымкент тұрғындары бір нәрсені бөлісе алмай, күтпеген жерден жаппай төбелес шығарған, — деп жазып жатыр әлеуметтік желілерде.
Полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, төбелеске қатысқан адамдарды ұстады.
— 16 тамызда болған жанжал бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қатысушылар анықталып, ұсталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталған соң, қатысушылардың әрекеттеріне заң тұрғыынан баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады, — деп хабарлады Шымкент қалалық полиция депатраментінен.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте жол ережесін бұзған депутат бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылғанын жазған болатынбыз.