Шымкентте жаппай төбелес болып, үш адам қамауға алынды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Шымкентте көшеде болған төбелес қоғамдық резонанс тудырды. Әлеуметтік желілерде бір топ жастың жол үстінде жанжал шығарып, төбелес ұйымдастырғаны бейнеленген видео тарады. 

Шымкентте жаппай төбелес болып, үш адам қамауға алынды
Фото: Видеодан алынған скрин

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиға бойынша «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

– Оқиғаға қатысушылардың барлығы жедел түрде анықталып, ұсталды. Жол үстіндегі жанжал ашық төбелеске ұласып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі өрескел бұзылды. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

– Әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады, – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Бұдан бұрын Шымкентте жол ортасында төбелесіп, кісі өлтірген күдіктілер ұсталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар