Шымкентте жасөспірім суға батып кетті

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM-Қайғылы оқиға бүгін сағат 14:50 шамасында Бадам өзенінде болды. 

Шымкентте жасөспірім суға батып кетті
Фото: ТЖМ

Шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түскен 2010 жылы туған жасөспірім батып кетті. Құтқарушылар оның денесін судан алып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

— Тек арнайы рұқсат етілген жағажайларда шомылыңыз. Мас күйде суға түспеңіз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Қатты ағысты, лайлы және тереңдігі белгісіз жерлерден аулақ болыңыз. Қауіпті ойындарға (су астына тарту, итеру, секіру) жол бермеңіз. Құтқару құралдарын қолданыңыз, — делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар қызметі таратқан ақпаратта. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте ер адам науқасты соққыға жығып, ауруханада полицияға қарсылық білдірген.

Соңғы жаңалықтар