Шымкентте жол үстінде төбелескен жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкентте көлік жүргізушілері арасындағы төбелеске ұласқан жол кикілжіңіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Шымкентте жол үстінде төбелескен жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: видеодан алынған скрин

Жол үстінде төбелескен жастардың әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті. Жанжал нәтижесінде жүргізушілердің бірі дене жарақатын алған.

Қалалық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс тіркелгенін жеткізді. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүріп жатыр. 

«Ешбір құқық бұзушылық жазасыз қалмайды. Қала тұрғындарын қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділікпен қарауға шақырмын», - деді Нұрлан Алмасбеков.

Полиция полковнигі азаматтардың қауіпсіздігін нығайту үшін заңмен кез келген зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгенін, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылыққа жататынын еске салды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Семейде түнде көпірден құлаған адам аралдан табылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар