Шымкентте жол жұмыстарына бөлінген қаржының 99 млн теңгесін жымқырған есепшілер сотталды

АСТАНА. KAZINFORM – Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Тұран ауданы әкімі аппаратының «Тұран» КММ бас бухгалтері М. Асановаға және Төлеби ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жарық-Жол» КММ бас бухгалтері К. Бесбаеваға қатысты үкім шығарды.

Қостанайда жеке сот орындаушы ақша ұрлаған
Фото: pexels.com

Олар автомобиль жолдарының жұмысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны және талан-таражға салғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Асанова мен Бесбаева жалған бухгалтерлік құжаттар негізінде үлестес кәсіпорындарға қаражатты заңсыз аударды, сондай-ақ 2023 жылдың ақпан-желтоқсан айлары аралығында жұмыс істемеген тұлғаларға жалақыны жүйелі түрде аударып отырды. Нәтижесінде жымқырған қаражаттың жалпы сомасы 99 миллион теңгеден асты», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров журналистерге арналған брифингте.

Сот үкімімен Асанова мен Бесбаеваға сәйкесінше 8 және 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Олар енді өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқара алмайды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар