Шымкенттегі Азия чемпионатында қазақстандық мергендер күміс жүлде алды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы стенд атудан тағы бір жүлдеге ие болды. 

Шымкенттегі Азия чемпионатында қазақстандық мергендер күміс жүлде алды
Фото: ҰОК

Бұл жолы спортшыларымыз күміс жүлдені еншіледі. Жеңіс тұғырының екінші сатысына Эдуард Ещенко мен Анастасия Молчанова көтерілді.

Олар аралас командалар арасындағы «скит» бағдарламасында екінші орын алды. 

Алтын медальді Қытай жұбы жеңіп алды. Үшінші орынға Қатар мен Үндістан тұрақтады. 

Айта кетейік, бұған дейін Молчанова жекелей сайыста қола жүлдегер атанған болатын. 

Еске салсақ, бұған дейін Ислам Сәтпаев Азия чемпионатында нысана көздеуден алтын жүлде алғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар