Шымкенттегі Бадам өзенінен ер адамның мәйіті табылды

полиция Бельгии
Фото: Pixabay

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Оқиға Еңбекші ауданына қарасты Забадам ауылында болды.

Саттарханов көшесін бойлай өтетін Бадам өзенінен 50-60 жас шамасындағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне 103 қызметінен хабарлама түскен. 

«Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары ер адамның денесін судан алып шықты. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 5 адам және 1 техника жұмылдырылды. Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтауда», - делінген Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар