Шымкенттегі челленджер турнирінің жеңімпазы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Шымкент қаласында теннистен екінші ATP Challenger 50 турнирі мәресіне жетті.

теннис
Фото: ҚТФ

Жекелей сында әлемнің 357-ракеткасы, бельгиялық Бувайсар Гадамаури үздік шықты.

Бельгиялық теннисші финалда рейтингіде 444-орындағы үндістандық Манас Маноджа Дхамнемен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда тай-брейкте Гадамаури табандылық танытты – 7:6 (8:6). Екінші сет те 6:4 есебімен оның пайдасына шешілді. 

Бір сағат 52 минутқа созылған тартысты бәсекеде Б.Гадамаури 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін құр жіберген жоқ. Үндістандық спортшы 1 эйс, 4 брейкпен (11 брейк-пойнт) шектелді. 

Кеше жұптық сында хорватиялықтар Админ Календер – Мили Поличак топ жарды. Олар соңғы матчта норвегиялық Виктор Дурасевич – германиялық Кай Венельтті қапы қалдырды – 6:2, 6:7, 10:5. 

Осылайша, Шымкентте 19 сәуірде басталған қос бірдей жарыс аяқталды. Додаларға әлемнің 25-тен астам елінен теннисшілер қатысып, бақ сынады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 14 жасар Ахмади Мақановтың Қытайдағы турнирдің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз. 

Стройка, строительство
Ұқсас жаңалықтар

Сапасыз құрылыс: Степногорскіде мердігерден 80 млн теңге өндірілмек