20:32, 17 Ақпан 2025 | GMT +5
Шымкенттегі «Кең баба» этнопаркі бұзылып жатыр
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Заңсыз иеленген жер телімдері мемлекетке қайтарылуда.

Шымкентте заңсыз иемделген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгін Тәуке хан даңғылы №43 «а» мекенжайында орналасқан «Кең баба» этнопаркі бұзыла бастады. Құрылысшылар саябақтың қоршауларын алып, жертелімін босатуда.
- Сот шешімімен саябақта заңсыз салынған ғимараттарды бұзу жұмыстары басталды. Жалпы аумағы 1294 шаршы метр жер мемлекетке қайтарылып, бастапқы қалпына келтіріледі, - делінген Шымкент қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкенттегі «Қиял әлемі» ойын-сауық саябағы сот шешімімен бұзылатындығы жайында жазған болатынбыз.