Шымкенттегі «Кең баба» саябағы түпкілікті мемлекет меншігіне өтті
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — «Кең баба» саябағындағы даулы жер теліміне қатысты сот шешімі заңды күшіне енді.
 
                                              Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті хабарлағандай, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот «Алматы-Сапар» ЖШС-нің атына рәсімделген, Әл-Фараби ауданы, Г. Иляев көшесі, 68/1 мекен-жайындағы жер учаскесіне қатысты құқық белгілейтін құжаттарды жарамсыз деп таныды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Бастапқыда саябақ жері компанияға балалар мен жасөспірімдерді эстетикалық және мәдени тұрғыдан тәрбиелеу орталығын құру шартымен уақытша пайдалануға берілген болатын.
Алайда жалға алу мерзімі аяқталған соң, аумақ заңсыз әрі нысаналы мақсатына қайшы пайдаланылып келген.
Айта кетейік. Бұдан бұрын Шымкенттегі «Кең баба» этнопаркі бұзылып жатқанын жазған болатынбыз.