Шымкенттегі өзендер мен каналдар ластанып жатыр

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Мониторинг нәтижелері экологиялық ахуалдың ушығып тұрғанын көрсетті.

Пятилетний ребенок утонул в оросительном канале в городе Косшы
Фото: yandex.kz

Шымкент қаласы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Сабыр Балыбектің сөзіне сүйенсек, Шымкент қаласы аумағынан өтетін Қошқар ата, Қарасу, Бадам, Сайрамсу өзендері мен Қосдиірмен, Тоғыс, Текесу, БМК каналдарына жүргізілген бір реттік мониторингтік зерттеулер олардың экологиялық жағдайының күрделі екенін көрсеткен. Талдау нәтижесі бойынша, барлық су көздерінің соңғы нүктелерінде құрамындағы ластаушы заттардың концентрациясы артқаны байқалған. Бұл өзен суларының ластанып жатқанын көрсетеді.

Әсіресе, Қошқар ата өзеніндегі жағдай алаңдатарлық. Мұнда ластанудың негізгі себебі – өзен маңындағы тұрғын үйлердің кәріз жүйесіне қосылмауы. Сонымен қатар, өзен суларының қала аумағындағы тығыз орналасқан аудандардан өтуі мен суару жүйелерінен тасталатын төгінділер де сапасына тікелей кері әсер етіп отыр.

Экология департаменті мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы 8–14 шілде аралығында жүргізген ғарыштық түсірілімдер нәтижесінде қаланың әр аумағынан 46 рұқсатсыз қоқыс үйіндісін анықтаған. Олардың 26-сы Қаратау ауданына, 6-Тұран, 6- Еңбекші, 5-Абай, 3-Әл-Фараби ауданына тиеселі.

- Анықталған деректер бойынша тиісті аудан әкімдіктеріне ресми хаттар жолданып, кейбір қоқыс орындарының тазартылғаны расталды. Алайда қалған жерлерге қатысты зерделеу жұмыстары жалғасуда. Бұдан бөлек, Экология департаменті мен қалалық және аудандық прокуратура бірлесіп тағы да 35 заңсыз қоқыс орнының барын анықтады. Аталған деректер бойынша, департаменттің қорытындысы негізінде прокуратураның тарапынан Абай, Қаратау, Еңбекші ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 324-бабы 1 тармағымен жауапкершілік қаралды, - деді Сабыр Балыбек.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте әкімдіктің 54 қызметкері құмар ойынға бой алдырған.

Соңғы жаңалықтар