Шымкенттен Таиландқа жаңа әуе бағыты іске қосылады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгіннен бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент – Бангкок бағыты бойынша Таиландқа жаңа әуе бағыты ашылды.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр.
— Бүгіннен бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент — Бангкок бағыты бойынша Тайландқа жаңа әуе бағытын ашып отыр. Рейстер аптасына 2 рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері — «Boeing 737 MAX 8» және «Boeing 737–800» типті әуе кемелерімен орындалатын болады, — делінген Көлік министрлігі хабарламасында.
Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және іскерлік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтіліп отыр.
Айта кетелік Шымкенттен Грузияға жаңа әуе бағыты іске қосылатыны туралы жазған едік.