Шымкенттік ана баласына бір бүйрегін берді

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Қалада 231-ші бүйрек трансплантациясы сәтті өтті

операция
Фото: Шымкент қаласы ДСБ

№1 клиникалық аурухана базасында өткен операцияда 41 жастағы келіншек 21 жастағы ұлына бір бүйрегін берді. Операция сәтті өтіп, донор мен рецепиент палатаға ауыстырылды.

Екеуінің де жағдайы жақсы, денсаулықтарында ақау жоқ. 

- Бүйрегі алмастырылған рецепиент 7 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауырып келген. Соңғы 1,5 жылда гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Жігіт аз уақытта қалыпты өміріне қайта оралады, - дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, бүгінге дейін №1 қалалық клиникалық ауруханасында 231 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Шымкентте екі жастағы баланың бауырынан киста алынған болатын.

Соңғы жаңалықтар