Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылғы 29 желтоқсанда АҚ «Samruk-Kazyna Construction» Басқарма төрағасының эксплуатация жөніндегі орынбасары лауазымына Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз хатшысы хабарлады. 

Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Ғабидолла Әбдірахымов экономикалық және басқарушылық білімі бар, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.

Ол мемлекеттік қызмет жүйесінде, Президент Әкімшілігінде, Қазақстан Үкіметінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімі және мәдениет және спорт вице-министрі болып жұмыс істеген. 

Айта кету керек, Ғабидолла Әбдірахымов «Samruk-Kazyna Construction» басқармасының мүшесі емес. 

Бұған дейін Руслан Өскенәлінің Қазақмыстың төрағасы болғанын жазғанбыз.  

Сонымен қатар Әйгерім Ағылтаева Қорғаныс министрінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар