Шымкенттің индустриялық аймағында су тарифтері төмендетілді

АСТАНА. KAZINFORM — Қалалық прокуратура табиғи монополия субъектілерінің тарифтерінің негізділігін талдау барысында «Ордабасы индустриялық аймақ» ЖШС-нің тарату желілері арқылы су беру және су бұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғайғанын анықтады.

Алматы индустриялық аймағы: мегаполистің басты өндіріс орындары қалай дамиды
Фото: Алматы әкімдігі

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуі монополист тарапынан бекітілген тарифтік сметада көзделмеген қосымша табыстың алынуына әкеп соғады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша монополист үшін су беру және сарқынды суларды бұру қызметтеріне арналған жаңа тарифтер мен тарифтік сметалар бекітілді.

— Нәтижесінде 96 тұтынушы үшін сумен жабдықтау қызметтерінің тарифі 21%-ға (190,68 теңгеден 149,16 теңгеге дейін 1 м³ үшін), ал су бұру тарифі 43%-ға (131,49 теңгеден 74,86 теңгеге дейін 1 м³ үшін) төмендетілді. Қабылданған шаралармен индустриялық аймақтың 96 қатысушысының құқықтары қорғалып, бұл өз кезегінде олар өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік берді, — делінген хабарламада.

Прокуратура аталған бағыттағы жұмыс жалғасатынын атап өтті.

Бұған дейін Түркістан облысында жабдығы ұрланған индустриалды аймақ жұмыс істемей тұрғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар