Шимпанзе құмырсқаларды жеу үшін "ағаш құрал" ойлап тапты
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Күні бүгінге дейін жануарлардың нақтылы міндеттерді іске асыруы үшін біреуден артық қаруды пайдалана алмайды деген ұғым берік ұялап келді. Зерттеушілердің толық бақылауы American Journal of Primatology журналында сипатталған.
Ғалымдар Конго Нуабале-Ндоки (Nouabale-Ndoki) ұлттық бағында тіршілік ететін шимпанзеге бақылау жасаған. Зерттеушілер жалпы жиыны 1060 қаруларды жинаған және маймылдардың құмырсқалардың илеуіне жасаған жорығынан 25 бейнежазба түсірген. Шимпанзенің қоректенген әрбір орнында зоологтар орташа алғанда 3,37 қарудан тапқан. Осындай «қару-жарақ жиынтықтарының» төрттен үші екі үлгідегі қарулардан: құмырсқалардың илеуіне бойлата сұғуға арналған ұзын таяқшадан және құмырсқалардың ұясын қопаруға арналған құрылғыдан тұрған.
Құмырсқалардың илеуіне бойлата сұғылған таяқша ол арқылы жоғары қарай өрмелеген құмырсқаларды шимпанзенің оп-оңай жеуіне мүмкіндік берген. Қопаруға арналған құрал маймылға іннің ішіне қол жеткізуге мол мүмкіндік ашқан. Ғалымдар шимпанзенің қандай құмырсқаны қорек еткісі келгеніне байланысты олар құрал-саймандардың белгілі бір түрлерін таңдайтынын анықтады. Мысалы, тістеуік жәндіктерді жеу үшін маймылдар олардың шағып алуынан сақтанып негізінен ұзын таяқтарға жүгінген.
Түрлі қаруларды таңдау қабілеттерінен басқа ғалымдар маймылдардың жаңа саймандарға бас қатырмауы үшін қандастарының бұған дейін қалдырып кеткен даяр құралдарын пайдалануға бейімділіктерін де ашты.
Таяуда ғалымдар Ұзақ қарғалардың алғырлығын анықтады. Олар ой-өрісі өзінен жоғары тұрғандардың міндетін де шешуге қабілетті екендіктерін көрсеткен, тіпті Архимедтің тәжірибесін де қайталай алатын болып шықты.