Shinework Pictures басшысы Елбасыға «Композитор» фильмі бар дискіні сыйлады

«Бүгін актер Джеки Чанмен кездесу алдында Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Shinework Pictures» компаниясының басшылығымен әңгімелесті. Кездесу соңында кинокомпанияның президенті Джонатан Шень Елбасыға «Композитор» фильмі бар дискіні сыйлады», - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.
Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев актердің әлемдік кинематографиядағы маңызды рөлін атап өтті.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» ІІ Халықаралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Қытай Халық Республикасына барған болатын. Елбасы шараның салтанатты ашылуы барысында сөйлеген сөзінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасының алғашқы, табысты жетістіктерін атап өтті.
Сондай-ақ аталмыш бастама арқылы Еуразия құрлығы қайта бірігіп, екі мың жыл бұрынғыдай бір арнаға тоғысқанынайтты.
Ал форум сессиясында Елбасы қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге төтеп берудің жолдары туралы сөз сөйлеп, жаңа геосаяси ахуалдың «Үш Д» үлгісін ұсынды.