Шірік-рабат, Баланды ескерткіштеріне археологиялық зерттеулер жүргізілуде

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында «Мәдени мұра - рухани құндылық» тақырыбында «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысы университет студенттері мен жергілікті БАҚ өкілдеріне таныстырылды.
None
None

Орталық жетекшісі Әзілхан Тәжікеев алдымен көне дәуірлік мұралардың құндылықтарына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2004 жылы Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Арал маңының ежелгі және ортағасырлық тарихын кешенді зерттеу мақсатында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институты арсында үшжақты келісім жасалды. Сол келісім негізінде Орталық қызметкерлері Арал маңының ежелгі және ортағасырлық тарихын зерттеуге бағытталған ғылыми ізденістер жүргізіп келеді. 2004 жылдан бастап Орталық қызметкерлері Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институттары ғалымдарымен бірлесіп ортағасырлық Жанкент қаласында және антикалық Шірік-рабат, Баланды ескерткіштерінде археологиялық зерттеулер жүргізіп келеді. 

Ал 2005-2007 жылдары Орталық қызметкерлері РФ Астрахан облысындағы, Моңғолияның Баян-Өлгей аумағындағы және Ақтөбе облысындағы этникалық қазақтардың тұрмыс-тіршілігін зерттеу мақсатында құрылған этнографиялық экспедиция жұмыстарына қатысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар