Шіркеуде темекі тұтатқан ресейлік қыз темір торға қамалуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат  Шіркеу майшамынан темекі тұтатқан  Белгород тұрғыны бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Аталған құқықбұзушылыққа сәйкес облыс бойынша Тергеу комитеті (ТК) қылмыстық іс қозғады.
None
None

«Тергеу нұсқасы бойынша, 2016 жылдың мамыр айында күдікті әлеуметтік желідегі өз парақшасына ғибадатханадан темекі тұтатқан суретін жариялап, дінге сенушілердің сезімдерін аяқасты етті», - деп мәлім етті мекемеден.

Бас бостандығын шектеуден бөлек, қызға 300 мың рубль айыппұл немесе 240 сағат міндетті жұмыстар түрінде жаза тағайындалуы мүмкін. Қыздың есімі аталған жоқ. 

Соңғы жаңалықтар