ШЫҰ Астана саммитінде қаралатын құжаттар тізімі бекітілді

шанхай ынтымақтастық ұйымы
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің отырысы аяқталды. ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады.

«Бүгінгі кездесудің негізгі міндеттерінің бірі - биыл шілдеде Қазақстанда өтетін Астана саммитіне кешенді дайындалу. Оған мүше мемлекеттер көшбасшыларының қарауына шығарылатын тақырыптар мен құжаттардың тізбесі бекітілді. Оның ішінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының Астана декларациясының жобалары, ШЫҰ-ның «Әділ бейбітшілік үшін әлемдік бірлік туралы» бастамасы, ШЫҰ-ның серіктестерімен диалог бойынша өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі жол картасы, басқа да бірқатар құжат бар», - деді Чжан Мин. 

Бас хатшының айтуынша, бүгінгі отырыста басқа елдер мен әріптестік халықаралық құрылымдар арасында ШЫҰ-ның тартымдылығы мен оң имиджін айғақтайтын ұйымды кеңейту процесіне ерекше назар аударылған. 

шос
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі С. Ф. Алейниктің қатысуымен Беларусь Республикасын ШЫҰ-ға қабылдау рәсімін қарастырдық. Сонымен қатар, отырыс барысында тараптар ШЫҰ қызметін жетілдіру мәселелерін, атап айтқанда, ШЫҰ органдарының жаңа жағдайда жұмыс істеу тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады», - дейді ол. 

Бүгін Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. 

шос
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар