ШЫҰ саммитінде қандай мәселелер мен құжаттар қаралады

АСТАНА. KAZINFORM – Бұған дейін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин 3-4 шілдеде ШЫҰ саммитінде қарауға шығарылатын мәселелер мен құжаттардың тізімін жария  еткен еді. 

ШЫҰ
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Оның ішінде ол ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының Астана декларациясы, ШЫҰ-ның «Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы» бастамасы, ШЫҰ Серіктестерімен диалог бойынша өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі жол картасы, сондай-ақ бірқатар басқа құжатты атап өтті.

Ал Қытайдың Синьхуа ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саммиттің қорытынды шешімдерінде «Шанхай рухының» іргелі қағидаттары – өзара сенім, достық, өзара тиімділік және бір-бірінің мүдделерін ескеру толық қамтылатынын айтты.

«Төрағалығымыздың шарықтау шегі Астанадағы саммит болады, оған біз баса көңіл бөлеміз. Біз ШЫҰ-ны одан әрі жетілдіру саласында стратегиялық маңызды шешімдер қабылданады деп күтеміз. Орта мерзімді келешекке арналған өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары айқындалып, ағымдағы сын-қатерлер мен қауіптерге барабар және уақтылы ден қою үшін бастамалар әзірленетін болады», - деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар