ШЫҰ Сыртқы істер министрлері қандай шешімдер қабылдады

шос
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы хатшылығының 2023 жылғы мамырдан 2024 жылғы мамырға дейінгі кезеңдегі жұмысы туралы есебі мақұлданды. Бұл туралы ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин мәлім етті.

«Кездесу қорытындысы бойынша саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы көпжақты ынтымақтастыққа қатысты 22 шешім қабылданды. Сондай-ақ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы хатшылығының 2023 жылғы мамырдан 2024 жылғы мамырға дейінгі кезеңдегі жұмысы туралы есебі мақұлданды», - деді Чжан Мин БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасап. 

Отырысқа Сыртқы істер министрі немесе оның орынбасары деңгейіндегі барлық (9) мүше мемлекет және ШЫҰ аймақтық терроризмге қарсы құрылым директоры Р.Э. Мирзаев пен Беларусь Республикасының СІМ басшысы С. Ф. Алейник отырысқа қатысты. 

«Қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуге, ведомство қызметкерлеріне және жалпы қазақстандық әріптестерге ШЫҰ Сыртқы істер министрлері отырысын жоғары кәсіби деңгейде өткізгені үшін, хатшылық делегациясына қажетті жәрдем көрсетіп, жылы қабылдағаны үшін алғыс айтам», - дейді ол. 

Бүгін Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. 

Соңғы жаңалықтар