12:00, 04 Наурыз 2024 | GMT +5
Ішкі істер министрлігінде киберқылмысқа қарсы жеке құрылым пайда болуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрлігі құрылымында киберқылмысқа жеке құрылым болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізген болатын. Онда киберқылмысқа баса назар аударылды. Сондықтан аталған ведомство құрылымында жеке құрылым бөлініп шығады деген ойдамыз», - деді Ү. Шапақ Паламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұл ретте ол аталған құрылымда IT-мамандар жұмылдырылуы мүмкін екенін айтты.
«Олар тек киберқылмыспен айналысады. Мен нақты айта алмаймын. Бірақ онда IT-мамандығы бойынша мәселе көтеріледі», - деді депутат.