Ішкі істер органдарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары бекітілді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ішкі істер органдарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары бекітілді.

Құжатқа сәйкес, Ішкі істер министрлігінде мынадай үй-жайлар көзделген:
— қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай (1 аттестатталған қызметкерге) — 0,2 шаршы метр;
— жедел басқару орталығының үй-жайы (бұдан әрі — ЖБО) — р 48,5 шаршы метр;
— Полимеразалық тізбек реакциясы зертханасына арналған үй-жай (бұдан әрі — ПТР-зертхана) — 164,5 шаршы метр;
— биологиялық зерттеулерге арналған үй-жай — 107 шаршы метр;
— физикалық-химиялық зерттеулерге арналған үй-жай — 240,5 шаршы метр;
— криминалистикалық полигонға және оқу сыныбына арналған үй-жай — 114 шаршы метр;
— Баллистикалық зертханаға және суық қаруды зерттеуге арналған үй-жай — 89,3 шаршы метр;
— трасологиялық зерттеулерге арналған үй-жай — 25,5 шаршы метр;
— құжаттарды техникалық зерттеуге, қолтаңбатанушылық және криминалистикалық, портреттік зерттеулерге арналған үй-жай — 42 шаршы метр;
— полиграфологиялық зерттеулерге арналған үй-жай — 25 шаршы метр;
— автоматтандырылған криминалистикалық есептердің деректерін өңдеуге арналған үй-жай (серверлік) — 45 шаршы метр;
— тергеуге алынғандардан жауап алуға арналған кабинет — 18 шаршы метр;
— «құпиялылық» режимінде тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған кабинет — 18 шаршы метр;
— жедел-тергеу тобының кабинеті — 36 шаршы метр;
— қарап тексеру және айырып тану кабинеті — 18 шаршы метр;
— заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай — шаршы метр — 36 шаршы метр.
Полиция департаменттерінде
— қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай (1 аттестатталған қызметкерге) — 0,2 шаршы метр;
— кезекші бөлімін орналастыруға арналған үй-жай — 36 шаршы метр;
— ЖБО үй-жайы — 48,5 шаршы метр;
— ұсталған адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай — 18 шаршы метр;
— тергеудегі адамдарға тергеу жүргізуге арналған үй-жай — 18 шаршы метр;
— айғақты дәлелдерді сақтауға арналған үй-жай — 36 шаршы метр;
— ПТР-зертхана зертханасына арналған үй-жай — 115,75 шаршы метр;
— криминалистикалық полигонға және оқу сыныбына арналған үй-жай — 45 шаршы метр;
— Баллистикалық зертханаға және суық қаруды зерттеуге арналған үй-жай — 62,5 шаршы метр;
— трасологиялық зерттеулерге арналған үй-жай — 21 шаршы метр;
— құжаттарды техникалық зерттеуге, қолтаңбатанушылық және криминалистикалық, портреттік зерттеулерге арналған үй-жай — 35,5 шаршы метр;
— одорологиялық есептерге және зерттеулерге арналған үй-жай — 143,85 шаршы метр;
— полиграфологиялық зерттеулерге арналған үй-жай 15 шаршы метр;
— есептегі адамдардың үлгілерін іріктеуге арналған үй-жай — 45 шаршы метр;
автоматтандырылған криминалистикалық есептердің деректерін өңдеуге арналған үй-жай (серверлік) — 31,5 шаршы метр;
— «құпиялылық» режимінде тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған кабинет — 18 шаршы метр;
— жедел-тергеу тобының кабинеті — 36 шаршы метр;
— қарап тексеру және айырып тану кабинеті — 18 шаршы метр.
Өңірлік (аумақтық) ішкі істер органдарының бөліністерінде
— қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай (1 аттестатталған қызметкерге) — 0,2 шаршы метр;
— кезекші бөлімін орналастыруға арналған үй-жай — 36 шаршы метр;
— ЖБО үй-жайы — 48,5 шаршы метр;
— ұсталған адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай — 18 шаршы метр;
— тергеудегі адамдарға тергеу жүргізуге арналған үй-жай — 18 шаршы метр;
— айғақты дәлелдерді сақтауға арналған үй-жай — 36 шаршы метр;
— «құпиялылық» режимінде тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған кабинет — 18 шаршы метр;
— жедел-тергеу тобының кабинеті — 36 шаршы метр;
— қарап тексеру және айырып тану кабинеті — 18 шаршы метр.
Бұйрық 21 сәуірден күшіне енді.
Бұған дейін соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасындағы қылмыс 30 пайызға төмендегені хабарланды.